Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қазақ тіліндегі кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 4 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9; 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Соттарда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы қолдану практикасында туындайтын мәселелерді түсіндіру қажеттігін атай отырып және сотта тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:»;
3) 1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: