«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 қаулысымен бекітілген) (2018.26.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қостанай облысы әкімдігінің

2015 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 396 қаулысымен бекітілген

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды

 

«Дәрігерді үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2018.26.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.