(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ ИНЖЕНЕ...

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығы

(2023.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.01.04. № 175 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.