«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 741 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 150-жолда:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы, «Теміржолсу» акционерлік қоғамына, «Теміржолсу-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Аягөз» жауапкершілігі серіктестігіне, «Теміржолсу-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Кзылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Маңғыстау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Теміржолсу-Қарағанды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты - Қазақстан Республикасының аумағындағы теміржол станциялары мен разъездері»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын: