Райымбек ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 36-196 шешімі
Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Жергілікті өзін өзі басқару, бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм, иновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатнастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа еңгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Мусирбаев С. |
Райымбек аудандық мәслихатының
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 36-196 шешіміне қосымша
Райымбек аудандық мәслихатының
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 36-196 шешімімен бекітілген
Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша 2025-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАР
1. Жалпы деректер, Райымбек ауданының сипаттамасы
Райымбек ауданы Алматы облысының оңтүстік шығысында орналасқан. Аймақтың оңтүстік бөлігінде тау жоталары Теріскей Алатауы жүйесі жатыр. Тау шыңдарының абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 7010 метрге дейін. Ең биік нүкте - үш мемлекеттің Қазақстан, Қытай мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Хан Тәңірі шыңы. Аймақтағы ең ірі өзендер - көптеген салалары бар Текес, Шәлкөде, Қақпақ, Байынқол. Жерлер санаты бойынша Райымбек ауданының аумағы №1 кестеде көрсетілген.
№1 кесте
| № р/н | Жерлер санаты | Барлығы | Оның ішінде жайылым |
| 1 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, барлығы | 272761 | 194967 |
| 2 | Елді мекендер жерлері | 30657 | 25598 |