«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 12 қарашадағы № 370 бұйрығы

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 12 қарашадағы № 370 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18608 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) Халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібін».

3-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі»;

51-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) қазақстандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету.»;

мынадай мазмұндағы 105-1, 105-2 және 105-3-тармақтармен толықтырылсын:

«105-1. конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы портал арқылы жүргізіледі.

Портал арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдері мынадай рәсімдерді қамтиды:

1) қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;

2) конкурс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.