«Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 Қаулысы (2026.31.10. берілген өзгерістермен)

Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 Қаулысы

(2026.31.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2026.16.10. № 924 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2026.16.10. № 924 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 24 мамырдағы

№ 301 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қондырғылар мен көму пункттерін (бұдан әрі - ЯҚКП) орналастыру алаңын таңдау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) табиғи сипаттағы сыртқы әсер - ЯҚКП-ға қатысты сыртқы табиғи сипаттағы процестерден, құбылыстардан және факторлардан туындайтын әсер;

2) техногендік сипаттағы сыртқы әсер - адамның қызметінен немесе оның техниканы және технологияларды ЯҚКП алаңынан тыс жерде де, оның шегінде де пайдалануынан туындайтын әсер;

3) алаңды таңдау - ЯҚКП үшін қолайлы алаңды зерттеу және іріктеу процесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.