Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 56/01 қаулысымен
бекітілген
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/02 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019.30.04. № 26/04 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.30.04. берілген өзгерістермен)
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019.30.04. № 26/04 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.