Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысы
(2018.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ Нормативтік қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018.14.06. № 13-НҚ нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары;
2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.