«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 160 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер (бұдан әрі - тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тапсырыс берушілер тізілімі;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімі;
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
4) білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімі;
5) шағымдар тізілімі».
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өзімен мыналарды:
1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер;
2) жеңімпаз деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер;
3) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер тізбесін білдіреді.