Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
7-қосымша
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге(импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір
түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес
сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.27.07. берілген өзгерістермен)
1. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді:
1) көрсетілетін қызметті беруші «Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Акциз АЖ) арқылы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН-кодтары берілгені туралы жазбаша хабарлама - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;