2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 94-15/1 шешімі
Осы редакция 2022 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 50 315 215,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 8 992 578,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 928 405,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 059 660,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 31 334 572,0 мың теңге;
2) шығындар – 41 746 199,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 182 957,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 670 580,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 487 623,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 8 386 059,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -8 386 059,0 мың теңге;
қарыздар түсімі – 670 580,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 056 639,0 мың теңге.
2. 2022 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін:
1) «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» бойынша 10 пайыз;
2) «Әлеуметтік салық» бойынша 10 пайыз;
3) «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» бойынша 10 пайыз.
3. 2022 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 16 897 313,0 мың теңге болып көзделсін.