«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 28 ақпандағы № 50 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 28 ақпандағы № 50 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

1-тармақ мынадай мәтінде жазылсын:

«1. Осы Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау және «Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-9) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды, ол мыналарды:

1) жүктi жеткiзу мерзiмiн;

2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;

3) тауар-көлік жүкқұжатын және жолдама парағын қолдану тәртібін;

4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;

5) жүктердi автомобильмен тасымалдауға қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.