«Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 82/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 82/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 82/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 276) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салалық көтермелеу жүйесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 276) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыскерлерін (бұдан әрі - геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері) көтермелеу рәсімдерін нақтылайды.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.