Азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және жоғары басшы құрам лауазымдарының тізбесін, азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 413 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 33 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және жоғары басшы құрам лауазымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (Ш.М. Әзірбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.