«Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 372 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 226/НҚ бұйрығымен 2026 ж. 12 шілдеден бастап күші жойылады
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13191 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: