(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ АРАСЫНДА COVID-19 К...

Предыдущая страница

Ескертпе:

 

«Рұқсат етілген»

- объектінің қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде рұқсат етілген

«✓»

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген

«Тыйым салынған»

- объектінің қызметіне тыйым салынған

 

Сілтеме:

 

*- Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің көзбе-көз режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

** - толтырылу бойынша өлшемшарттар ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.

*** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

 

**** «Аshyq» жобасына қатысатын объектілерге:

«Аshyq» көшбасшысы» мәртебесі бар жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО ҚР БМСД 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысымен бекітілген «Аshyq» «көшбасшысы» мәртебесін беру өлшемшарттарын ескере отырып қалыптастырады, ВАК шешімімен бекітіледі және әкімдіктің сайтында орналастырылады.

«Аshyq» көшбасшысы» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы - 2 апта.

«Қызыл» аймақтағы «Аshyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушылар «сары» аймақтық талаптары бойынша жұмыс істейді.

«Сары» аймақтағы «Аshyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтық талаптары бойынша жұмыс істейді.

«Жасыл» аймақтағы «Аshyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға арттырылады.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 18 шілдедегі

№ 10 қаулысына

2-қосымша

 

 

COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда

білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу

және қашықтықтан оқыту форматына ауысу

өлшемшарттары

 

Контингент

COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда

1-2 жағдай

бір-бірімен эпидемиялық байланысты 3 және одан да көп жағдай

(отбасылық ошақтардан басқа)

1

2

3

Тәрбиелеу объектілері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын балалар, тәрбиешілер мен күтушілер

Топ карантинге жабылады, қызметкерлер жұмыс нысанына ауыстырылады

Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының өзге де қызметкерлері

Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады

Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады

Білім беру объектілері

Білім беру объектілерінің оқушылары

Сынып / топ карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады

Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады

Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады

Білім беру объектілерінің оқытушылары

Оқытатын сынып(тар) карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады

Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады

Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан оқыту нысанына ауыстырылады

Білім беру объектілерінің өзге де қызметкерлері (әкімшілік, қосалқы персонал)

Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады

Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар оқыту нысанына ауыстырылады

Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады