Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 423/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1274 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12802 болып тіркелген):
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларында, көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: