(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА ЖӘНЕ ЖҰМЫС ...

Осы редакция 2017 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 3 тамыздағы

№338 қаулысымен бекітілген

 

 

 «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында

 еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қызмет берушінің атауы: «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген 30-қосымшаға сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары» негізінде (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) шетелдік жұмыс күшін тартуға (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда) рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту (бұдан әрі - рұқсат);

көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) жұмысқа орналасуға (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда) рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

5. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.