«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 381 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
3-тараудың 2-параграфында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Объектілерді жобалау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарының және кіреберістердің ені кемінде 6 м болуы тиіс. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарының еңісі 10%-дан, ал кіреберістердің еңісі 6%-дан аспауы керек.»;
84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Өрт гидрантын өтетін бөліктің шетінен бастап 2,5 м артық емес, бірақ ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларынан кемінде 5 м аралықта автомобиль жолы бойымен орнату қажет.
Өрт гидрантын өтетін бөлікте орналастыруға рұқсат етіледі, бұл ретте біріккен шаруашылық-ауыз су құбыры желісінен тармақтануда өрт гидрантын орнатуға жол берілмейді.
Өрт гидранты өрт техникасына арналған кіреберісте орналасқан жағдайда, осы учаскедегі өту жолының ені кемінде 8 м болуы тиіс.
85. Су құбыры желісінде өрт гидрантын орналастыру қатты жабыны бар жолдармен ұзындығы 150 м аспайтын жең жолдарын төсеуді ескере отырып, өртті сыртқы сөндіруге 15 л/с және одан көп су шығысы кезінде екі өрт гидрантынан кем емес және 15 л/с кем су шығысы кезінде бір гидрант осы желі қызмет көрсететін кез келген ғимарат, құрылыс немесе оның бөліктерінде өрт сөндіруді қамтамасыз етуі тиіс.»;
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: