Қорғау бейіндерін және Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 105/НҚ бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жұмыс станцияларына және серверлерге арналған вирусқа қарсы қорғау құралдарының, сондай-ақ желі деңгейіне басып кіруді айқындау жүйелерінің қорғау бейіндері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;