«Жыл сайынғы «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларын және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 1272, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 410, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 583 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 319 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Жыл сайынғы «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларын және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 1272, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 410, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 583 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 319 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 714, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 399, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 382 және ҚР Энергетика министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 299-н/қ бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) Жыл сайынғы «Шапағат» конкурсын өткізу қағидалары;

2) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.