«Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 814 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Формулярды ресімдеуді және толтыруды құжатталушы адам жеке басын сәйкестендіру және жеке қолын қою үшін жеке жүгінген кезде көші-қон қызметі бөлінісінің уәкілетті қызметкері (бұдан әрі - уәкілетті қызметкер) жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға формулярды жоғалтуына, жарамдық мерзімінің аяқталуына, некеге тұру, бұзу бойынша тегін ауыстыруына, одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалуына, құжаттарының түрлерінің өзгеруіне, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуына байланысты паспортын және (немесе) жеке куәлігін ауыстырған жағдайда құжатталушы адамның тұрақты тіркелу орны, сондай-ақ оның нақты тұрғылықты орны бойынша уәкілетті қызметкер толтырады.