(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ЖОСПАРЫН БЕКІТ...

Предыдущая страница

48. 5700 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» кіші бөлімі есепті кезең үшін ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды.

5710 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)», мұнда есепті кезең ішіндегі ұйымның қорытынды пайдасы (қорытынды залалы) көрсетіледі, сондай-ақ есепті кезеңдегі түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытылады.

 

 

9-тарау. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары

 

49. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.

6 «Кірістер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

6000 - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс»;

6100 - «Қаржыландырудан алынатын кірістер»;

6200 - «Өзге де кірістер»;

6300 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер»;

6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».

Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына жабылады.

50. 6000 «Өнімді сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс» кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін кірістерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6010 - «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», мұнда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6020 - «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6030 - «Бағадан және сатудан жеңілдіктер», мұнда бағадан немесе сатудан жеңілдік ұсынумен байланысты операциялар көрсетіледі.

51. 6100 - «Қаржыландырудан түсетін кіріс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6110 - «Сыйақылар бойынша кірістер», мұнда қаржылық активтер, мысалы депозиттер, берілген қарыздар бойынша кірістер алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6120 - «Дивидендтер бойынша кірістер», мұнда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6130 - «Қаржылық жалдау бойынша кірістер», мұнда қаржылық жалдауға берілген активтер бойынша кірістер алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6140 - «Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен операциялардан алынатын кірістер», мұнда жалдау төлемдерін немесе капитал құнының өсуінен кірістерді немесе екеуін де алу мақсатында иелігіндегі (жалдау шарты бойынша иесінің немесе жалға алушының) жылжымайтын мүліктен (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6150 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», мұнда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе оның өзгеруін кіріс ретінде тани отырып пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;

6160 - «Қаржыландырудан түсетін -зге де кірістер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.

52. 6200 - «Өзге де кірістер» кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6210 - «Активтердің шығарылуынан түсетін кірістер», мұнда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6220 - «Өтеусіз алынған активтерден түсетін кірістер», мұнда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;

6230 - «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», мұнда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6240 - «Қаржылық емес активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер», мұнда қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер көрсетіледі;

6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», мұнда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсету нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6260 - «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер», мұнда операциялық жалдауға берілген активтер бойынша кірістер алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6270 - «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», мұнда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6280 - «Қаржылық активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», мұнда қаржылық активтің құнсыздануынан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер есепке алынады;

6290 - «Өзге кірістер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.

53. 6300 - «Тоқтатылатын қызметпен байланысты кірістер» кіші бөлімі тоқтатылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

6310 - «Тоқтатылатын қызметпен байланысты кірістер», мұнда өткізілген активтерден кірістер алумен байланысты операциялар немесе тоқтатылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша есептер көрсетіледі.

54. 6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6410 - «Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың пайдасының үлесі есепке алынады;

6420 - «Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі», мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың пайда үлесі есепке алынады.

 

 

10-тарау. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары

 

55. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.

7 «Шығыстар» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

7000 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»;

7100 - «Өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»;

7200 - «Әкімшілік шығыстар»;

7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар»;

7400 - «Өзге де шығыстар»;

7500 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар»;

7600 - «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі»;

7700 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар».

Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына жабылады.

56. 7000 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» кіші бөлімі сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

7010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», мұнда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке алынады.

57. 7100 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші бөлімі өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

7110 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.

58. 7200 - «Әкімшілік шығыстар» кіші бөлімі әкімшілік шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

7210 - «Әкімшілік шығыстар», мұнда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстар есепке алынады.

59. 7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар» кіші бөлімі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7310 - «Сыйақылар бойынша шығыстар», мұнда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

7320 - «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар», мұнда қаржылық жалға алынған активтер, мысалы негізгі құралдар бойынша шығыстар көрсетіледі;

7330 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар», мұнда қаржылық активтің әділ құнының немесе әділ құн бойынша бағаланатын міндеттеменің өзгеруінен болатын шығыстар көрсетіледі;

7340 - «Қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар көрсетіледі.

60. 7400 - «Өзге де шығыстар» кіші бөлімі әдеттегі қызмет процесіне қарамастан туындайтын өзге де өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7410 - «Активтерді шығару бойынша шығыстар», мұнда активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару бойынша шығыстар, мысалы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару бойынша шығыстар, демонтаж бойынша шығыстар есепке алынады;

7420 - «Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан шығыстар», мұнда қаржылық емес активтердің құнсыздануынан шығыстар есепке алынады;

7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», мұнда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда, ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылғандардан немесе алдыңғы қаржылық есептерде ұсынылғандардан ерекше бағамдар бойынша ұйымның монетарлық баптарын өтеу кезінде немесе есептілікте монетарлық баптарды ұсыну кезінде туындайтын бағамдық айырма бойынша шығыстар есепке алынады;

7440 - «Дебиторлық берешектің құнсыздануы бойынша шығыстар», мұнда дебиторлық берешектің құнсыздануы бойынша шығыстар есепке алынады;

7450 - «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», онда операциялық жалдау бойынша шығыстар есепке алынады;

7460 - «Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар», мұнда биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар есепке алынады;

7470 - «Қаржы құралдарының құнсыздануынан болатын шығыстар» қаржы құралдарының құнсыздануынан болатын шығыстар есепке алынады;

7480 - «Өзге шығыстар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де шығыстар есепке алынады.

61. 7500 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар» кіші бөлімі тоқтатылатын қызметпен байланысты шығыстарды есепке алуға арналған мынадай шотты қамтиды:

7510 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар», мұнда тоқтатылатын қызметпен байланысты өткізілген активтер немесе міндеттемелер бойынша есеп айырысулар бойынша шығыстар есепке алынады.

62. 7600 - «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлесті көрсетуге арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7610 - «Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес есепке алынады;

7620 - «Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес есепке алынады.

63. 7700 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» кіші бөлімі корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

7710 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар», мұнда корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар есепке алынады.

 

 

11-тарау. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары

 

64. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.

8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

8100 - «Негізгі өндіріс»;

8200 - «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары»;

8300 - «Қосалқы өндірістер»;

8400 - «Жүкқұжат шығыстары».

65. 8100 «Негізгі өндіріс» кіші бөлімі негізгі өндіріс шығындарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8110 - «Негізгі өндіріс», мұнда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығысы, тікелей негізгі өндірістегі қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан аударымдар, негізгі өндіріске жатқызылған жүкқұжат шығыстар есепке алынады.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 531 бұйрығымен 66-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

66. 8200 «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары» кіші бөлімі өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8210 - «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары», мұнда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар есепке алынады.

67. 8300 - «Қосалқы өндірістер» қосалқы өндіріс шығындарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8310 - «Қосалқы өндірістер», мұнда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты қосалқы болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.

68. 8400 - «Жүкқұжат шығыстары» кіші бөлімі жүкқұжат шығыстарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:

8410 - «Жүкқұжат шығыстары», мұнда негізгі және қосалқы өндірістер, сондай-ақ өз өндірісінің жартылай фабрикаттары бойынша жүкқұжаттар шығыстары көрсетіледі.

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 531 бұйрығымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Бухгалтерлік есеп шоттарының

 үлгілік жоспарына

қосымша

 

 

 

1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер

1000

Ақшалай қаражат

1010

Кассадағы ақшалай қаражат

1020

Жолдағы ақша қаражаты

1030

Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаражат

1040

Корреспонденттік шоттардағы ақшалай қаражат

1050

Жинақ шоттарындағы ақшалай қаражат

1060

Пайдаланылуы шектелген ақшалай қаражат

1070

Электрондық ақша қаражатын есепке алу

1080

1090

Өзге де ақшалай қаражат

Ақшалай қаражаттың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

1100

Қысқа мерзімді қаржылық активтер

1110

Қысқа мерзімді амортизациялық құн бойынша бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық активтер

1120

Қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер

1130

Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қысқа мерзімді қаржылық активтер

1140

Туынды қаржы құралдар

1150

Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар

1160

Өзге қысқа мерзімді қаржылық активтер

1170

Қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері

1200

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1210

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1220

Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1230

1240

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1250

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1260

Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1270

Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1280

Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері

1300

Қорлар

1310

Шикізат және материалдар

1320

Дайын өнім

1330

Тауарлар

1340

Аяқталмаған өндіріс

1350

Өзге қорлар

1360

1370

Қорлардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері

Қорларды қайтару құқығы бар актив

1400

Ағымдағы салықтық активтер

1410

Корпоративтік табыс салығы

1420

Қосылған құн салығы

1430

Өзге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

1500

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1510

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

1520

1530

1600

1610

1620

1630

Сатуға арналған істен шығатын топтар

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері

Биологиялық активтер

Өсімдіктер

Жануарлар

Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

1700

Өзге қысқа мерзімді активтер

1710

Берілген қысқа мерзімді аванстар

1720

Алдағы кезеңдердің шығыстары

1730

Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер

1740

Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

1750

Өзге қысқа мерзімді активтер.

2-бөлім. «Ұзақ мерзімді активтер»

2000

Ұзақ мерзімді қаржылық активтер

2010

Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер

2020

Ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер

2030

Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер

2040

Туынды қаржы құралдар

2050

Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

2060

Үлескерлік құралдар

2070

Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер

2080

Ұзақ мерзімді қаржылық активтің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2100

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2110

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі

2120

Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2130

2140

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2150

Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2160

Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2170

2180

Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2200

Инвестициялар

2210

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2220

2230

Бастапқы құны бойынша есепке алынатын инвестициялар

Инвестициялардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2300

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

2310

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

2320

Инвестициялық жылжымайтын мүліктың амортизациясы

2330

Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2400

Негізгі құралдар

2410

Негізгі құралдар

2420

Негізгі құралдардың амортизациясы

2430

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2440

Активті пайдалану құқығы

2450

Активті пайдалану құқығының амортизациясы

2460

Активті пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залал

2500

Биологиялық активтер

2510

Өсімдіктер

2520

2530

2540

Жануарлар

Биологиялық активтердің амортизациясы

Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2600

Барлау және бағалау активтері

2610

Барлау және бағалау активтері

2620

Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы

2630

Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві

2700

Материалдық емес активтер

2710

Гудвилл

2720

Гудвиллдің құнсыздануы

2730

Өзге материалдық емес активтер

2740

Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы

2750

Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2760

Активті пайдалану құқығы

2770

Активті пайдалану құқығының амортизациясы

2780

Активті пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2800

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

2810

Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер

2900

Өзге ұзақ мерзімді активтер

2910

Берілген ұзақ мерзімді аванстар

2920

Алдағы кезеңдердің шығыстары

2930

Аяқталмаған құрылыс

2940

Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтер

2950

Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтерің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2960

Шарттар бойынша шығындар

2970

Шарттар бойынша шығындар амортизациясы

2980

Шарттар бойынша шығындардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві

2990

Алдағы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің басқа топтары ескерілген өзге ұзақ мерзімді активтер.

3-бөлім. «Қысқа мерзімді міндеттемелер»

3000

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3010

Қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер

3020

Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер

3030

Туынды қаржы құралдар

3040

Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3050

Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар

3060

Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі

3070

Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі

3080

Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3100

Салықтар бойынша міндеттемелер

3110

Төлеуге тиісті корпоративтік табыс салығы

3120

Жеке табыс салығы

3130

Қосылған құн салығы

3140

Акциздер

3150

Әлеуметтік салық

3160

Жер салығы

3170

Көлік құралдары салығы

3180

Мүлік салығы

3190

Өзге салықтар

3200

Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер

3210

Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер

3220

Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер

3230

Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3240

Басқа да еркін төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3300

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3310

Өнім берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек

3320

Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3330

3340

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3350

Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

3360

Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек

3370

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі

3380

Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3400

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3410

Қысқа мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

3420

Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер

3430

Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау

міндеттемелері

3440

Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3500

Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

3510

Алынған қысқа мерзімді аванстар

3520

Алдағы кезеңдердің кірістері

3530

Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері

3540

3550

Шарттар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер

Аралас қысқа мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы

3560

Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер.

4-бөлім. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»

4000

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

4010

Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер

4020

Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер

4030

Туынды қаржы құралдар

4040

Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4050

Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

4060

Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

4100

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4110

Өнім берушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4120

Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4130

4140

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4150

Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек

4160

Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4200

Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4210

Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

4220

Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4230

Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4240

Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4300

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

4310

Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері

4400

Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер

4410

Алынған ұзақ мерзімді аванстар

4420

Алдағы кезеңдердің кірістері

4430

4440

Шарттар бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер

Аралас ұзақ мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы

4450

Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер.

5-бөлім. «Капитал мен резервтер»

5000

Жарғылық капитал

5010

Артықшылықты акциялар

5020

Қарапайым акциялар

5030

Салымдар мен пай

5100

Төленбеген капитал

5110

Төленбеген капитал

5200

Сатып алынған меншікті үлес құралдары

5210

Сатып алынған меншікті үлес құралдары

5300

Эмиссиялық кіріс

5310

Эмиссиялық кіріс

5400

Қосымша төленген капитал

5410

Негізгі ұйыммен өтеусіз операциялар бойынша қосымша төленген капитал

5420

Өзге операциялар бойынша қосымша төленген капитал

5500

Резервтер

5510

Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал

5520

Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв

5530

Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв

5540

Басқа жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша ескерілген қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв

5550

Қаржылық активтер бойынша залалға арналған резерв

5560

Шетел қызметі бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв

5570

Өзге резервтер

5600

Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)

5610

Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)

5620

Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)

5700

Қорытынды пайда (қорытынды залал)

5710

Қорытынды пайда (қорытынды залал).

6-бөлім. «Кірістер»

6000

Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6010

Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6020

Сатылған өнімді қайтару

6030

Бағадан және сатудан жеңілдіктер

6100

Қаржыландырудан түскен кірістер

6110

Сыйақылар бойынша кірістер

6120

Дивидендтер бойынша кірістер

6130

Қаржылық жалдаудан түскен кірістер

6140

Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын операциялардан түскен кірістер

6150

Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер

6160

 Қаржыландырудан түскен өзге кірістер

6200

Өзге кірістер

6210

Активтерді істен шығарудан түскен кірістер

6220

Өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер

6230

Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер

6240

Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер

6250

Бағам айырмасынан түскен кірістер

6260

Операциялық жалдаудан түскен кірістер

6270

Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер

6280

Қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер

6290

Өзге кірістер

6300

Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер

6310

Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер

6400

Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайда

үлесі

6410

Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі

6420

Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі.

7-бөлім. «Шығыстар»

7000

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7010

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7100

Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

7110

Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

7200

Әкімшілік шығыстар

7210

Әкімшілік шығыстар

7300

Қаржыландыруға арналған шығыстар

7310

Сыйақылар бойынша шығыстар

7320

Қаржылық жалдау бойынша пайыз төлеуге шығатын шығыстар

7330

Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар

7340

Қаржыландыруға өзге шығыстар

7400

Өзге шығыстар

7410

Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

7420

Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

7430

Бағам айырмасы бойынша шығыстар

7440

Дебиторлық берешектің құнсыздануы бойынша шығыстар

7450

Операциялық жалдау бойынша шығыстар

7460

Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын

шығыстар

7470

Қаржы құралдардың құнсыздануынан болатын шығыстар

7480

Өзге шығыстар

7500

Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар

7510

Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар

7600

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйым залалының үлесі

7610

Қауымдастырылған ұйымдар залалының үлесі

7620

Бірлескен ұйымдар залалының үлесі

7700

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар

7710

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар.

8-бөлім. «Өндірістік есептің шоттары»

8100

Негізгі өндіріс

8110

Негізгі өндіріс

8200

Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар

8210

Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар

8300

Көмекші өндірістер

8310

Көмекші өндірістер

8400

Жүкқұжат шығыстары

8410

Жүкқұжат шығыстары