Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 мамырдағы № 254 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар қызметтер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Бұйрыққа 1-қосымша болып бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
Бұйрыққа 2-қосымша болып бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
Бұйрыққа 3-қосымша болып бекітілген «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: