«Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 159 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 441 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 тіркелген, 2011 жылғы 16 қарашадағы № 543-547 (26939) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесі бекітілсін»;
«Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: