«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 11 қарашадағы № 431-н/қ және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 524 бірлескен бұйрығы

«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 11 қарашадағы № 431-н/қ және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 524 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»;

бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.