«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 288 бұйрығы (2026.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 288 бұйрығы

(2026.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026.25.09. № 481 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Су кодексі 25-бабының 2-тармағының 4) және 12) тармақшаларына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесі 15-тармағының 450) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

міндетін атқарушы

 

 

И. Шархан

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.