«Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 278-н/қ бұйрығы

«Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 278-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) газ толтыру станциясы - сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Тұрмыстық баллондарды есепке алудың меншікті жүйелері болмаған кезде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және есепке алу жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдаланады.»;

8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне ақпаратты енгізу бойынша қолжетімділік жергілікті атқарушы органдарға және газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелеріне беріледі және уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде тіркелу жолымен жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.