«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 437 бұйрығы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 10-бабы 6 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18493 тіркелген, 2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үлгі нысандары:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулы;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жою туралы қаулы;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуге аудармашының қатысуы туралы қаулы;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуге маманның қатысуы туралы қаулы;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Ішкі істер органдарының қызметкерлерін немесе бөлімшесін атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге тарту туралы қаулы;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді жаңарту туралы қаулы;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;