Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 26 мамырдағы № 175-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 92-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік департаменті:
1) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты іске асыруды тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырсын;
3) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Ж. Элиманов |
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 175-НҚ бұйрығымен бекітілген