Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 Қаулысы
(2025.17.06. берілген өзгерістермен)
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 03-06-326 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес карантиндік арамшөп - жатаған (қызғылт) укекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес карантиндік арамшөп - далалық арамсояу бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес орманның карантиндік зиянкесі - жұпсыз жібек көбелегі бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.
4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
| М. Таткеев |