2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 243 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.