«Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-95 шешімі

Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-95 шешімі

 

Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190684 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 468 872 210 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер бойынша 46 876 841 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша 2 652 353 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 419 326 016 мың теңге;

2) шығындар 470 378 766 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 3 258 374 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 18 126 224 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 14 867 850 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 879 555 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 2 879 555 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 7 644 485 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

7 644 485 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 13 673 384 мың теңге;

қарыздарды өтеу 11 440 401 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 5 411 502 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 14 және 15-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

«14. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте қоршаған ортаны қорғау және объектілерді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге 650 207 мың теңге сомасында көзделсін.

15. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 28 455 934 мың теңге сомасында көзделсін.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.