«Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 24 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14644 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрық тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құзыретті орган - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;