Мемлекеттік аудит немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сай республикалық бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруды аяқтау нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, заңды тұлғаларға берілетін трансферттер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес республикалық бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.
2. Осы тармаққа сәйкес қалыптастырылатын тізбе негізінде бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалмауы болжанған жағдайда, ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған бюджет қаражатын келесі қаржы жылында толық пайдалануға рұқсат етіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанына дейін бюджеттік мониторинг және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын келесі қаржы жылында толық пайдалануға рұқсат етілетін мемлекеттік инвестициялық жобалар және (немесе) іс-шаралар бөлінісінде бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін жасайды және оны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет қаражатын келесі қаржы жылында толық пайдалануға рұқсат етілетін мемлекеттік инвестициялық жобалар және (немесе) іс-шаралар бөлінісінде бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне енгізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес толық пайдалануға рұқсат етілген бюджет қаражаты қайтадан толық пайдаланылмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оларды толық пайдалану жылының 20 желтоқсанына дейін тиісті бюджетке қайтаруға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнемдеу қалыптасқан жағдайда, үнемдеу сомасын жоғары тұрған бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
5. Есепті кезеңнің соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджеттен алынған қаражаттың пайдаланылмаған қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаты болып табылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бюджетке қайтарылуға жатады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) қоспағанда, тиісті бюджет кірісіне аударылуға жатады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемесінде белгіленген мерзім квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінетін бюджеттік инвестициялар үшін есепті кезең деп қабылданады.
6. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген, ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражаты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бюджетке қайтарылуға жатады.
7. Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, пайдаланылмаған, толық пайдаланылмаған бюджет қаражатын толық пайдалану, тиісті жоғары тұрған бюджетке қайтару тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
116-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары
1. Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджет қаражаты кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.
2. Кезекті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджет қаражаты жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.
3. Кезеңнің соңында жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджет қаражатының қалдықтары осы Кодекстің 113-бабы 6-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, жоғары тұрған бюджетке алып қоюға (аударылуға) жатпайды.
Бюджетті атқару барысында кірістердің жоспарлы көлемінің нақты көлемінен асып кетуі нәтижесінде пайда болған, кезеңнің соңында жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджет қаражатының қалдықтары басталған (жалғасатын) жобаларды, оның ішінде осы Кодекстің 150-бабына сәйкес бюджеттік инвестициялардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзетуге байланысты жобаларды қаржыландыруға пайдаланылады.
Бюджетті атқару барысында салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша түсімдердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдердің жиынтық жоспарында көрсетілген жоспарлы мәндерден асып кетуі нәтижесінде пайда болған, кезеңнің соңында жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджет қаражатының қалдықтары:
1) жергілікті атқарушы органның борышын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді бюджет қаражатының осы қалдықтарының кемінде елу пайызы көлемінде мерзімінен бұрын өтеу;
2) бюджет шығыстарының мынадай:
елді мекендерге газ тарту;
сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, дренаждық жүйелерді, кәріз, жылу және электр желілерін құру, реконструкциялау және жөндеу;
автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі бағыттарын қаржыландыру үшін пайдаланылады.
4. Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың жыл басындағы ақша қалдықтары бюджетке алып қойылуға (аударылуға) жатпайды.
5. Жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары келесі қаржы жылының бюджетін түзету арқылы мыналарға:
1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге;
2) толық пайдалануға рұқсат етілген қаражатты қоспағанда, республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт түрінде республикалық бюджетке тартылған, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражатты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға;
4) активтер мен басқа да тауарларды сатып алу мен беруді, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін.
Осы тармақтың 4) тармақшасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) кіші бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға рұқсат етіледі.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген мақсаттарға бөлгеннен кейін қалған жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары алынған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге жіберіледі.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген мақсаттарға бөлгеннен кейін қалған жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджет қаражатының бос қалдықтары болып табылады және бюджетті нақтылау арқылы ағымдағы қаржы жылының шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі мүмкін.
24-тарау. БЮДЖЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУ, БЮДЖЕТТІК
ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК МОНИТОРИНГ
117-бап. Бюджеттік есепке алу және бюджеттік есептілік жөніндегі жалпы ережелер
1. Бюджеттік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, кассалық негізде бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің шоттарынан операциялар туралы ақшалай мәндегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың ретке келтірілген жүйесін білдіреді.
2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, мемлекеттік қазынашылық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджеттік есепке алуды жүргізеді.
3. Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
4. Бюджеттік есепке алу деректері бюджеттік есептілік жасауға негіз болып табылады.
5. Бюджеттік есептілік мынадай сапалық сипаттамаларға сәйкес келуге тиіс:
1) жасалған операциялардың төлнұсқалығын және оларды есепке алуда көрсеткен кезде қателердің жоқ екенін білдіретін анықтық;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген, талап етілетін барлық ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық;
3) осы Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есептілікті жасау жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік.
6. Бюджеттік есептілікте алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бюджетке түсімдері ақшалай мәнде көрсетіледі.
118-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері
1. Мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджеттік есептілікті жасайды.
2. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін қамтиды:
1) мемлекеттік мекемелер жасайтын:
қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп;
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) туып-өскен жеріне қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы есеп;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жасайтын:
қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп;
жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің атқарылуы туралы есеп;
3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік қазынашылық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жасайтын:
республикалық, тиісті жергілікті бюджеттің, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есеп;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) туып-өскен жеріне қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы есеп.
3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді.
4. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.
5. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
1. Бюджет түсімдерінің орындалмауы, міндеттемелерді уақтылы қабылдамау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеуі себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, қадағалап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.
2. Мемлекеттік кірістер органдары, салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдар, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, қарыздардан түсімдерді алуға жауапты және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджеттік мониторингті жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламаның басшысы бюджеттік мониторинг жүргізуді, оның нәтижелерін талдауды және бюджеттік бағдарламалар паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
4. Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігі және мемлекеттік кірістер органдары, салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдар, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, қарыздардан түсімдерді алуға жауапты және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік кірістер органдары, салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдар, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, қарыздардан түсімдерді алуға жауапты және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға мемлекеттік қазынашылықтың және мемлекеттік қазынашылық органдарының есепке алу деректері негізінде қалыптастырылатын бюджет түсімдерінің атқарылуы туралы талдамалық есептерді ұсынады.
6. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде алынған бюджет қаражатын пайдалануының нәтижелері туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
7. Бюджеттік мониторинг нәтижелері тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.
8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізген бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бюджеттік даму бағдарламалары бойынша пайда болған соманы қайта бөлу туралы шешімін қалыптастырады.
9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру үшін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер туралы және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмауы туралы ақпарат жібереді.
Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша түсімдердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдердің жиынтық жоспарында көрсетілген жоспарлы мәндерден асып кетуіне байланысты қалыптасқан бюджет қаражатының қалдықтарын жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағына сәйкес шығыстарды қаржыландыруға бағыттауы үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджет қаражатының осы қалдықтары туралы ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы органға жібереді.
10. Тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелері тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде ескеріледі.
11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторингті жүргізу тәртібін айқындайды.
120-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну
1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепте - есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттер, қабылданған, төленбеген міндеттемелер, бюджет түсімдерінің орындалуы және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелер көрсетіледі.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді ай сайын - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдары ай сайын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігіне, ревизиялық комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті ұсынады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындысы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 118-бабында көзделген есептерді ұсынады.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын әкімдікке, өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, облыстың ревизиялық комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді ұсынады.
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ай сайын өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді ұсынады.
25-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
121-бап. Жылдық есеп туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган есепті қаржы жылында республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды.
2. Есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру үшін осы Кодекстің 118-бабының 2-тармағында белгіленген бюджеттік есептілік және есептердің мынадай түрлері қолданылады:
уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жасайтын:
мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есеп;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есеп;
резервтің (резерв түрлері бойынша) пайдаланылуы туралы есеп;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп;
қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалай отырып, үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есеп;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес, сомаларын көрсете отырып, жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімдер, меморандумдар, шарттар, келісімшарттар шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп;
халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы туралы есеп;
агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есеп;
квазимемлекеттік сектор субъектілері мен бюджет қаражатын өзге де алушылар жасайтын:
дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары туралы есептер;
бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп;
мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы туралы есептер;
заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп;
бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы есептер;
есепті қаржы жылында бюджет қаражаты бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы туралы есептер.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен бюджет қаражатын өзге де алушылар есептерді бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілеріне ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жиынтық есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
3. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп және квазимемлекеттік сектор субъектісінің даму жоспарының немесе іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы есеп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жасалады.
Резервтің (резервтің түрлері бойынша) пайдаланылуы туралы есеп осы Кодекстің 21-бабына сәйкес қалыптастырылады.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есепті;
2) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті;
3) осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау және осы баптың 2-тармағында көрсетілген есептілік негізінде жасалған, түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті қамтиды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті мемлекеттік кірістер органдары ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастырады және онда:
салықтар бөлінісінде салық берешегінің көлемі;
салықтар бөлінісінде артық төлем көлемі;
қосылған құн салығын қайтару туралы ақпарат қамтылады.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте:
бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы және оның нысаналы индикаторларына қол жеткізу;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің және Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдалану;
бюджеттің бастапқыда бекітілген көрсеткіштерінің, бастапқыда жоспарланған түпкілікті нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың өзгеру себептерін көрсете отырып, есепті қаржы жылы ішінде жүргізілген республикалық бюджеттің нақтылаулары мен түзетулерінің себептері мен көлемдері;