Есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы, оның ішінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсаттарына қол жеткізу және қағидаттарын іске асыру;
Есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы;
есепті қаржы жылында республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы ұсынымдарының орындалуы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өткен қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы ұсынымдарының орындалуы;
бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат қамтылады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары, түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері және (немесе) іс-шаралар нәтижелері көрсетіліп, бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі;
4) шоғырландырылған бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қамтиды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шоғырландырылған бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қалыптастырады және онда:
экономика салаларының бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне әсерін талдау және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің толық әрі уақтылы түсуін талдау;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес экономиканың мұнайға қатысты және мұнайға қатысты емес секторларының кәсіпорындары бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесіне сай квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түсетін салықтық түсімдер туралы ақпарат;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат қамтылады;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың жиынтық есептерін;
6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы есептерін;
8) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің республикалық бюджетке дивидендтер (таза кіріс бөлігі) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есептерін;
9) нәтижелерді бағалау қорытындыларын;
10) Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы;
11) түсіндірме жазбаны қамтиды.
Түсіндірме жазбада мынадай талдамалық ақпарат қамтылады:
экономикалық жағдай туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде қосылған құнды құрайтын экономика салаларының экономиканың дамуына әсерін талдау және экономика салаларының бюджеттік түсімдердің жалпы көлеміне әсерін талдау;
елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы;
мемлекеттік сектор міндеттемелерінің ағымдағы жай-күйі туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз талаптарына сәйкес негізгі борышты өтеу мен оған қызмет көрсетудің, сыйақылар, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемі туралы деректер.
5. Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы мәслихат шешімі тармақтарының орындалуы туралы талдамалық есепті;
2) жергілікті бюджет туралы мәслихаттың тиісті шешіміне және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін, тиісті қаржы жылында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті;
3) осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау және осы баптың 2-тармағында көрсетілген есептілік негізінде жасалған, түсімдер бойынша, шығыстар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті қамтиды.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Кодекстің 52-бабының 7-тармағында көзделген есептілік негізінде жергілікті бюджет түсімдері жөніндегі талдамалық есепті қалыптастырады және онда:
экономика салаларының бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне әсерін талдау мен салықтық және салықтық емес түсімдердің толық жиналуын талдау;
экономиканың мұнайға қатысты және мұнайға қатысты емес секторларының кәсіпорындары бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесіне сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түсетін салықтық түсімдер туралы ақпарат;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынған кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері бойынша салықтық түсімдер туралы ақпарат;
салықтар бөлінісінде салық берешегінің көлемі туралы ақпарат;
салықтар бөлінісінде артық төлем көлемі туралы ақпарат қамтылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте:
бюджет қаражатымен және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланыста облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу;
жергілікті атқарушы орган резерві қаражатының пайдаланылуы;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;
агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы;
халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы;
бастапқыда бекітілген бюджет көрсеткіштерінің, бастапқыда жоспарланған түпкілікті нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың өзгеру себептерін көрсете отырып, есепті қаржы жылы ішінде жүргізілген жергілікті бюджетті нақтылаулар мен түзетулердің себептері мен көлемдері;
121-баптың 5-тармағы 3) тармақшасы үшінші бөлігінің сегізінші абзацы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
есепті қаржы жылында облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасын алдын ала бағалау қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы ұсынымдарының орындалуы;
облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің алдыңғы қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы ұсынымдарының орындалуы;
іс-шараларды, жобаларды және шығыстар сомаларын көрсете отырып, арнаулы түсімдердің пайдаланылуы;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған меморандумдарға сәйкес шығыстар көлемін көрсете отырып, іс-шаралар туралы, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жұмыстар мен көрсеткен қызметтер бойынша;
кірістерді бөлу нормативінің сақталуы;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат қамтылады;
4) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы есептерін;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жергілікті бюджетке дивидендтер (таза кіріс бөлігі) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есептерін;
7) түсіндірме жазбаны қамтиды.
Түсіндірме жазбада экономикалық жағдай және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.
122-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей:
Қазақстан Республикасының Парламентіне;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңның атқарылуына мемлекеттік аудит барысында кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады.
3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Парламентінде есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне талқылау мен бекіту үшін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ұсынады, ол өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
123-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту
1. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының есебін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде, содан кейін Сенатында талқылайды.
2. Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамдардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының орындалуы, мемлекеттік қаржының жай-күйі, оның ішінде мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылары бар қосымша баяндамаларын тыңдайды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауы кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бейіндік тұрақты комитеттері орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес берілген функцияларын жүзеге асыратын нарық субъектілерінің басшыларын берілген функцияларды іске асырудың тиімділігі тұрғысынан тыңдайды және (немесе) осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдайды.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының тұрақты комитеттері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде:
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы уәкілеттік берген адамның есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, оның ішінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсаттарына қол жеткізу және қағидаттарын іске асыру туралы баяндамасын;
сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган басшысының есепті қаржы жылында функцияларды, өкілеттіктерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы баяндамасын;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер жөніндегі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының осы Кодекстің 47-бабына сәйкес жүргізілетін сараптамалық-талдау қызметінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамаларын;
республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының өздерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы баяндамаларын;
ұйымдар басшыларының есепті қаржы жылында заңды тұлғаларға функцияларды, өкілеттіктерді іске асыруға берілетін трансферттердің пайдаланылуы туралы, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат шеңберінде дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары туралы баяндамаларын тыңдайды.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.
124-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына есепті қаржы жылында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынады.
2. Облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
3. Облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес есепті қаржы жылында жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің орындалуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясына, ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешіктірмей облыстық мәслихатқа, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатына жыл сайын ұсынады.
125-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
1. Мәслихат облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарайды.
2. Мәслихат жылдық есепті қарау кезінде:
әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, ревизиялық комиссияның осы Кодекстің 44-бабына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамасын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы және есепті қаржы жылында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, оның ішінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсатына қол жеткізу және қағидаттарын іске асыру туралы баяндамасын;
әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамаларын;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын тыңдайды.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде депутаттардың ұсыныстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес берілген функцияларын жүзеге асыратын нарық субъектілерінің басшыларын берілген функцияларды іске асырудың тиімділігі тұрғысынан тыңдайды және (немесе) осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдайды.
3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін мәслихат сессиясында бекітіледі.
126-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдік «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдік есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге, құрамына тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілі кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясына - ағымдағы жылғы 20 наурыздан кешіктірмей, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа ағымдағы жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жыл сайын ұсынады.
127-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты есепті жылдан кейінгі жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жергілікті қоғамдастық жиналысына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге облыстың ревизиялық комиссиясына - ағымдағы жылғы 10 наурыздан кешіктірмей, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа ағымдағы жылғы 20 наурыздан кешіктірмей ұсынады.
128-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат облыстың ревизиялық комиссиясының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарайды.
2. Мәслихат жылдық есепті қарау кезінде:
әкімнің не оны алмастыратын адамның аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы, ревизиялық комиссияның осы Кодекстің 44-бабына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметінің қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамасын;
облыстың ревизиялық комиссиясы төрағасының немесе төрағасы уәкілеттік берген мүшесінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамаларын;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын тыңдайды.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес берілген функцияларын жүзеге асыратын нарық субъектілерінің басшыларын берілген функцияларды іске асырудың тиімділігі тұрғысынан тыңдайды және (немесе) осы Кодекстің 55-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілетін, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларын тыңдайды.