республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс;
мал шаруашылығын және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді, өткізуді дамыту;
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді, өткізуді дамыту;
ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдарын және гидротехникалық құрылыс-жайларын дамыту үшін мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша шығыстарды субсидиялау;
9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
елді мекендердің жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру;
коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласын реттеу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
10) өнеркәсіп, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану:
мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру;
өнеркәсіп және геология салаларын дамыту;
отын-энергетика кешенін дамыту;
республикалық деңгейде энергия, ресурс үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
жер қойнауын және жер қойнауын пайдалануды,
сейсмологиялық ақпаратты мониторингтеу;
мемлекеттік геологиялық зерттеу;
11) көлік және коммуникациялар:
көлікті, көлік инфрақұрылымын, жолаушылар, жүк тасымалдарын және транзиттік әлеуетті мемлекеттік реттеу және дамыту;
республикалық маңызы бар қалада, астанада қалалық рельсті көлікті дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша шығыстарды өтеу;
ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту;
аэроғарыш қызметі;
12) экономикалық қызметті реттеу:
сыртқы сауда қызметі, ішкі сауда салаларындағы мемлекеттік саясат;
техникалық реттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы мемлекеттік саясат;
мемлекеттік инновациялық саясат;
жеке кәсіпкерлікті, өзін-өзі реттеуді дамыту;
бәсекелестікті дамыту және қорғау;
13) мемлекеттік міндеттемелерді орындау:
үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау;
үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар;
мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін орындау;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
халықаралық қаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының мүшелігіне қатысты төлемдер, берілмейтін борыштық міндеттемелер (вексельдер) және донорлық жарналар бойынша мемлекет міндеттемелерін орындау;
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне берілетін трансферттер.
2. Республикалық бюджеттен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
2) бюджеттік инвестицияларға, халықаралық ынтымақтастыққа, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген орталық мемлекеттік органдардың өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
31-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары
1. Республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша қаржыландырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ревизиялық комиссиялардың жұмыс істеуі;
республикалық маңызы қаланың, астананың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын, күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, аумақтық әскерлерді арнаулы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғанысы;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстау, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтау, медициналық және техникалық жұмыскерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету және медициналық комиссиялар құру жөніндегі әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралар;
жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипат тағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және оларды жою;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс іс-шаралары;
3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі:
республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
уақытша ұстау изоляторларының, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтік жануарларға арналған питомниктердің жұмыс істеуі;
ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;
азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелері, шетелдіктермен жұмыс және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындағаны үшін ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық пошта қызметтеріне, бейнеконференц-байланыс және бейнебақылау жүйесіне арналған шығындарды қоспағанда, аумақтық ішкі істер органдарының жанар-жағармай материалдарын сатып алуын, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайларын және көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және жөндеу;
пробация қызметін қамтамасыз ету және ұстау;
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту;
кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, оның ішінде интернаттық ұйымдар арқылы ұсынылатын міндетті жалпы орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
балаларды арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізу;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарау және халыққа психологиялық медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
балаларға қосымша білім беру;
мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардың бағыттарын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
тұрғын үй көмегі;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын іске асыру;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
зоопарктер мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командалары мүшелерінің республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру;
жергілікті маңызы бар архив қоры объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;
жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету;
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
ветеринарияны реттеу, ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншіктегі су құбырларын салу, реконструкциялау және жөндеу;
су қорғау аймақтарын, ауызсумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау белдеулері мен аймақтарын белгілеу;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекше авариялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидромелиорациялық жүйелерін қалпына келтіру;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың сумен жабдықтау жүйелерін, гидротехникалық құрылысжайларын салу және реконструкциялау;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу;
республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;
елді мекендерді жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, оның ішінде сумен жабдықтаудың тарату желілерін, тазарту, дренаж жүйелерін, кәріздік, оның ішінде кәріздік сорғы станцияларын, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;
елді мекендерді газдандыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын ғимараттардың сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шаралар;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйді бұзу;
елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субсидиялау;
10) өнеркәсіп, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану:
жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
11) көлік және коммуникациялар:
әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
қалалардың көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оның ішінде автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын ағымдағы жөндеу;
12) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;
әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
13) мемлекеттік міндеттемелерді орындау:
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;
мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
республикалық бюджетке берілетін трансферттер.
2. Республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеттерінен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
2) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік инвестицияларына, ғылыми зерттеулеріне;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне, функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
3. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің құрамында қаладағы ауданның мынадай бағыттар бойынша шығыстары көзделеді:
1) қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
5) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
6) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
7) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
8) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
9) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтерді іске асыру, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру;
10) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
12) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
13) жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
14) қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
15) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
16) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
17) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
18) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
19) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
20) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріздік сорғы станцияларының, газбен жабдықтаудың және жарықтандырудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту;
21) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу;
23) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру.
32-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары
1. Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
облыстық деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, ревизиялық комиссиялардың жұмыс істеуі;
әкімдер сайлауын қамтамасыз ету және өткізу;
облыстың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын, күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, аумақтық әскерлерді арнаулы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғаныс;
облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары;
облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстау, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтау, медициналық және техникалық жұмыскерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету және медициналық комиссиялар құру жөніндегі әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралар;
облыстық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және оларды жою;
3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі:
облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;
азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелері, шетелдіктермен жұмыс және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
уақытша ұстау изоляторларының, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтік жануарларға арналған питомниктердің жұмыс істеуі;
мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындағаны үшін ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық пошта қызметтеріне, бейнеконференц-байланыс және бейнебақылау жүйесіне арналған шығындарды қоспағанда, аумақтық ішкі істер органдарының жанар-жағармай материалдарын сатып алуын, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, қызметтік үй-жайларын және көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу;
пробация қызметін қамтамасыз ету және ұстау;
аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, оның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы аудандарда орналасқан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйым дарының қызметін қамтамасыз ету;
аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беру;
ауылдық жерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және алып қайтуды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен облыстарда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру;
мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу;
облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
балаларды арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткізу;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарау және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;