Қазақстанның су кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімі
(2023.28.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның су кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. «Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2022.29.04. № 268 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің 2022.04.10. № 158-ө өкімімен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің 2023.28.11. № 187-ө өкімімен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстанның су кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі