Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 240-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 445 бірлескен бұйрығы
(2026.03.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.14.07. № 132-Ө және ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026.25.06. № 243 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Алгоритмде көрсетілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.