«Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 375 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 18 шілдедегі № 198 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 375 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24462 болып тіркелген) мынадай өзгеріc енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.