«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығы (2026.15.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығы

(2026.15.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 222 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.29.05. № 222 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 14-4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.