«Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 422/НҚ бұйрығы (2026.01.07. берілген өзгерістермен)

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 422/НҚ бұйрығы

(2026.01.07. берілген өзгерістермен)

 

Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025.30.09. № 488/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабына, 195-2-бабының 3,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 825-бабына, «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-2-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабының 5-тармағына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 190), 191-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тіркелген бағалары бекітілсін.

2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарышысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1),2),6), 8) тармақшалары алынып тасталсын;

көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 6, 8 - қосымшалары алынып тасталсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.