«Деректерді өңдеу орталықтарының ұлттық немесе халықаралық техникалық аудиттен өту қағидаларын және мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыру үшін пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтарына талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 327/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Деректерді өңдеу орталықтарының ұлттық немесе халықаралық техникалық аудиттен өту қағидаларын және мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыру үшін пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтарына талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 327/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 27-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Деректерді өңдеу орталықтарының ұлттық немесе халықаралық техникалық аудиттен өту қағидалары;

2) Мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыру үшін пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтарына талаптар бекітілсін.

2. «Деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру және халықаралық немесе ұлттық техникалық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 613/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35169 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.