(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ШАҒЫН, ОНЫҢ ІШІНДЕ МИКРОКӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ...

Осы редакция 2025 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 754 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша

 сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ)/микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналым қаражатын толықтыру - кәсіпкер кредитінің кәсіпкердің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуге арналмаған нысаналы мақсаты;

2) арнайы қаржы компаниясы - «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

4) банк-төлем агенті - қаржы агенттігімен келісілген және жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу функцияларын жүзеге асыратын микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.