«Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторлары мемлекеттік кірістер органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 680 бұйрығы (күші жойылды)

Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторлары мемлекеттік кірістер органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 680 бұйрығы

 

3-тармаққа сәйкес 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 14-бабының үшінші бөлігіне және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының мемлекеттік кірістер органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.