«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 6 наурыздағы № 56 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29286 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі - Экология кодексі) 324-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру тәртібін (бұдан әрі - Тізбе) айқындайды.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтінім берушінің немесе өтінім берушімен бірге мәлімделген консорциумға, әріптестікке қатысушылардың кез келгенінің құрылыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) объектіні және энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалану тәжірибесінің кемінде 8 (сегіз) жылын құрайды;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтініш берушінің немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын консорциумға қатысушылардың бірінің мынадай өлшемшартқа сәйкестігі: