Темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-277/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;