«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1345 бұйрығы (күші жойылды)

 «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1345 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:

25-тармақтың бірінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«7120 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстар» шотының дебетi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 4130 «Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» шоттарының кредитi бойынша активті бір мезгілде тану кезінде туындайтын бюджетпен есеп айырысу бойынша берешекті есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, ұзақ мерзімді сипаттағы басқа міндеттемелер бойынша берешек.»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. ҚЕ-3-КБ-ҰМ нысаны бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау кезінде уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджет алдындағы ұзақ мерзімді қарыздар (бюджеттік кредиттер) бойынша міндеттемелерді көрсетеді.

Бюджет деңгейлері бойынша ҚЕ-3-КБ-ҰМ нысаны бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы шоғырландырылған есептерді қалыптастыру кезінде төмен тұрған бюджеттердің ұзақ мерзімді қарыздары (бюджеттік кредиттері) бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер алып тастауға жатады.»;

30-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.