Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығы
(2018.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.22.01. № 29 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
ҚР Әділет министрінің 2016.22.01. № 29 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтары күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.